Цой антиваксерлар жайлы: Мен олармен кездесуге дайынмын

19 шілдеде екпеге қарсы топ пен Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің кездесуі кезінде үлкен шиеленіс болды. Әйелдер Денсаулық сақтау министрлігіне келіп, вакциналауды тоқтатуды талап етті. Олардың кейбіреулері өздерін ұстай алмай, бөлім өкілдеріне айқайлап, жұдырық ала жүгірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз министрлігі қызметкерлеріне тап берген антиваксерлермен кездесуге неге бармағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Бұл арада былай ғой, кімнің бірінші болып қолы босаса, сол азаматтармен кездесуге шығады. Сол кезде сол арада кім болады, сол адам шығады. Іс жүзінде бүкіл министрлік халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мен сол күні ел алдына шыққан мамандардың құзыреттілігі жеткілікті деп санаймын. Олар барлығын айтып, түсіндіре алатын сала мамандары. Кездесуден кейін, негізінен, азаматтар олардың жауаптарына қанағаттанды, - деді Цой ОКҚ-дағы брифингіде.

Ол дүрдараз тараппен жекелей кездесуге дайын екенін де айтты.

Біз үшін әрбір азамат маңызды, сондықтан біз оларға барынша көңіл бөлуге тырысамыз. Егер кездесуге мүмкіндік болса, біз әрдайым ел алдына шығамыз (...) Өз басым, олармен кездесуге дайынмын, - деп сөзін аяқтады министр.

19 шілдеде екпеге қарсы топ пен Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің кездесуі кезінде үлкен шиеленіс болды. Әйелдер Денсаулық сақтау министрлігіне келіп, вакциналауды тоқтатуды талап етті. Олардың кейбіреулері өздерін ұстай алмай, бөлім өкілдеріне айқайлап, жұдырық ала жүгірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: