Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.

Индер ауданының әкімі болып Салауат Өтеғұлұлы Өтеғұлов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауданды 2 жарым жылдай басқарған Мейірім Қалауи басқа жұмысқа ауысуына байланысты Индер ауданы әкімі лауазымынан босатылды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов осы аралықта ауданда біраз жұмыс жасалғанын атап өтіп, оған атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірді.

Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2006 жылы Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында экономист, 2015 жылы Батыс Қазақстан инжеренрлік-гуманитарлық универститетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

2006-2007 жылдары облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасында бас маман болып еңбек жолын бастаған. 2007-2019 жылдар аралығында облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, кейіннен басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

С.Өтеғұлов 2019 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі