Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа әуе рейсі ашылады

pixabay.com
Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына екі рет жиілікпен "Ақтөбе – Нүкіс" бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Өзбекстанмен стратегиялық серіктестігі транзиттік-көлік саласын қоса алғанда, барлық бағыттарда қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Өзбекстан тараптары өзара сауда көлемін ұлғайту үшін көлік-логистика әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. 2021 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 46%-ға өсіп, $1,5 млрд құрады. ҚР-ның ӨР-ға экспорты 58,4%-ға ұлғайды. Пандемияға қарамастан, Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің артқаны байқалады. Тек 2021 жылдың І тоқсанында контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57% өсіммен 233,9 мың ЖФЭ-ге дейін артып келеді. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі осы жылдың 6 айында 18%-ға өсіп, 1,3 млн тоннаны құрады.

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен "Ақтөбе – Нүкіс" бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта ҚР мен ӨР арасында аптасына 32 рейс орындалады. Кездесу барысында тараптар бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру — "Дарбаза – Мақтаарал" жаңа теміржол желісін, "Түркістан – Шымкент – Ташкент" жоғары жылдамдықты магистралін салу және т. б. жоспарларды талқылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты