Nur Otan Атырау облыстық филиалына бірінші орынбасар тағайындалды

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

"Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Мейірім Қалауи тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейірім Қалауиды ұжыммен таныстырған "Nur otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов алда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

Мейірім Қалауи 1985 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2006 жылы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, 2010 жылы РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызметтің Ресей академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2006-2007 жылдары "Атырау-Ақпарат" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында бастаған. 2010-2011 жылдары "Тұран" ЖШС-нің директоры, "Қазақстан" РТРК Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары - бас редактор болып еңбек еткен.

2011-2012 жылдары "Атырау-Ақпарат" КМК төрағасы, 2012-2016 жылдары Атырау облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2016-2019 жылдары облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

Сондай-ақ, ол "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанатының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы қызметін қоғамдық негізде атқарған.

М.Қалауи 2019 жылдан жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

Айта кету керек, бұған дейін "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған Нұрлыбек Ожаев қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: