Токио-2020: Көп мақтаған Баландин де жер қаратты

ҚР ҰОК баспасөз қызметі - Сали Сабиров
Тиісті қашықтықты Дмитрий Баландин өз тобында жетінші болып жүзіп өтті.

Қазақстандық спортшы ерлер арасында 200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзуден финалға шыға алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, тиісті қашықтықты Дмитрий Баландин өз тобында жетінші болып жүзіп өтті. 2:09.22 уақытты бағындырған ол финалға өте алмады.

Айта кетсек, аталған дистанцияда медалға таласатындар арасында қазақстандық Дмитрий Баландиннің де аты аталып келген. Өйткені Дмитрий Баландин Рио де Жанайреода өткен 2016 жылғы Олимпиаданың суға жүзуден 200 метрлік қашықтықта алтын медалін иеленген болатын.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды