Тамыз айында да аптап ыстық. Үш күнге арналған ауа-райы болжамы

pixabay.com
Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан еліміздің батыс бөлігінің жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен бұл өңірде жауын-шашынсыз ауа-райы орнайды.

Синоптиктер 31 шілде мен 2 тамызға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан еліміздің батыс бөлігінің жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Соның әсерінен бұл өңірде жауын-шашынсыз ауа-райы орнайды және сынап бағаны 33-38, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Алайда, республикамыздың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел екпіні 25 м/с құрайды, шаңды дауыл болады деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін көтерілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз