Қазақстан бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге дайын - Тоқаев

facebook.com/Берік Уәли
Аптаның басында тұтанған Түркияның оңтүстігіндегі орман өрті ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын алты провинцияға қанат жайған. Алдын ала деректер бойынша, алты адам көз жұмып, 400-ден аса адам зардап шеккен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдап, Түркияда бұрын-соңды болмаған өртке байланысты көңіл білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -те жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетсек, аптаның басында тұтанған Түркияның оңтүстігіндегі орман өрті ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын алты провинцияға қанат жайған. Алдын ала деректер бойынша, алты адам көз жұмып, 400-ден аса адам зардап шеккен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді