Бүгінде Қазақстанда сот жүйесінде 300-ге жуық бос судья лауазымы бар, деп хабарлайды zakon.kz порталы. Еліміздің соттары жаңа кәсіби кадрларға, оның ішінде салық салу, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік және корпоративтік құқық саласындағы мамандарға мұқтаж.
Жоғары Сот Кеңесінің мәліметінше, 2021 жылдың қыркүйегінде судья болғысы келетін адамдар үшін кезекті біліктілік емтиханын өткізу жоспарланған. Біліктілік емтиханының негізгі мақсаты - үміткерлердің кәсіби білімдері мен дағдыларын, олардың біліктілік деңгейін мұқият тексеру, судьялық лауазымға орналасу үшін қажетті жеке, моральдық-адамгершілік қасиеттерін анықтау. Емтихан бес негізгі және бір қосымша кезеңнен тұрады.
Біліктілік емтиханының кезеңдері
Біліктілік емтиханының қосымша кезеңіне полиграфологиялық тестілеуден өту кіреді, оның нәтижелерін нақтылау үшін, үміткер психологиялық зерттеуден өте алады.
Емтиханның объективтілігін құрамына:
1) судьялар корпусы;
2) заңгерлер қоғамдастығы;
3) академиялық орта;
4) Бас прокуратура;
5) әділет Министрлігі;
6) HR-менеджмент салаларының өкілдері кіретін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының қызметі қамтамасыз етеді.
Біліктілік комиссиясының төрағасы мемлекеттік емес заң қауымдастығының өкілі, көпжылдық тәжірибесі бар және корпоративтік секторда жұмыс тәжірибесі бар заңгер.
Объективтілікті қамтамасыз ету үшін біліктілік емтиханының барлық кезеңдері орталықтандырылмаған және автоматтандырылған.
Біліктілік емтиханы жылына кемінде төрт рет өткізіледі, ал оның нәтижелері төрт жыл бойы жарамды.
Біліктілік емтиханын өткізу және судьяларды іріктеу рәсімі туралы толығырақ бейнероликтен танысуға болады.
Жоғары Сот Кеңесі еліміздің 28 жасқа толған және заң мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар заңгерлерді біліктілік емтиханына қатысуға шақырады. Қатысқысы келетіндер Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясына өтініш бере алады. Қажетті құжаттар тізімі сайтта жарияланған сілтеме.