Қазақстан ковидке қарсы тағы 8 млн доза вакцина алдыртқалы жатыр

Zakon.kz/Михеев
Цойдың айтуынша, халықты вакцинациялау процесі әлі жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрлігі 4 миллион адамға коронавирус инфекциясына қарсы 8 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімшартқа отырды. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, халықты вакцинациялау процесі әлі жалғасуда.

Бүгінгі күні шамамен 9,4 миллион доза вакцина қолданылды, оның ішінде 5 480 094 адам бірінші компонентті алды, бұл халықтың 55,4% құрайды. Екінші компонентті 3 941 941 адам немесе ел тұрғындардың 39,8% алды, - деді ол.

Сонымен бірге министр ведомствоның қосымша вакцина алдырту бойынша келісімшартқа отырғандарын айтты.

Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион қосымша доза алдырту туралы келісімшарттарға қол қойды. Тасымал кестеге сәйкес жүргізіледі. Осы жағынан алғанда, республикамызда халықтың вакцинаға қолжетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген, - деді Цой.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз