Алдағы оқу жылында мектеп формасын кию міндетті болмайды

туралы сұраққа жауап берді

Асхат Аймағамбетов алдағы оқу жылында мектеп формасын кию туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ведомство басшысы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзекті болады. Пандемияға дейін мектеп формасын кию міндетті болды. Бірақ өткен жылы барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешім қабылдадық.

Мектеп формасы алдағы оқу жылында міндетті бола ма?

Мен өзім ата-ана ретінде де, Білім және ғылым министрі ретінде де мектеп формасын киюді қолдаймын. Cонымен қатар, педагогтер мектеп формасы балаларды бір тәртіппен тәрбиелеуге үлес қосатынын, сол мектепке баратын балалармен бірлікті сезінуге мүмкіндік беретінін және ең бастысы, оқушылар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайтуға көмектесетінін айтады. Ата-аналардың, мұғалімдердің, мектеп әкімшіліктерінің, білім басқармасы басшыларының пікірлерін тыңдап, көбісі мектеп формасын жақтайды деген қорытындыға келдім. Бірақ мектеп формасын қолдағандар мен қарсылық білдіргендердің пікірлерін саралап, барлық жағдайларды ескере отырып, біз оқушыларға мектепке тек мектеп формасында ғана емес, сонымен қатар классикалық стильдегі киімде де келуге мүмкіндік беретін шешімді қабылдадық.
Бұл шешім тек ғана келесі оқу жылы үшін қабылданды, делінген жазбада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: