Жарты жылда қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді

pexels.com
Биыл да интернет пен мобильді банкинг үлкен сұраныста болды. Олардың үлесіне барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының 2/3 және олардың көлемінің 83%-ы тиесілі.

Қазақстандықтар 2021 жылдың алты айында қолма-қол ақшасыз 2,6 млрд операция жүргізді. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,5 есе көп, деп хабарлайды zakon.kz.

Жыл басынан бастап қолма-қол ақшасыз операциялар санының жоспарлы өсуі байқалды. Атап айтқанда, маусымда 508 млн операция жасалды, бұл қаңтармен салыстырғанда 1,5 есе көп. Сонымен қатар 2021 жылдың алты айында халықтың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен аударымдарының көлемі 29 трлн теңгеден асты. Бұл 2020 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есе асады, делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында.

Биыл да интернет пен мобильді банкинг үлкен сұраныста болды. Олардың үлесіне барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының 2/3 және олардың көлемінің 83%-ы тиесілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті