Токио-2020: Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін белдеседі

olympic.kz
Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумарға жол берді.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық белдесулер басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметіне сәйкес, өкінішке қарай, қазақстандық Нұрислам Санаев жеңіліске ұшырады.

Санаев финал жолдамасы үшін таласта үндістандық Рави Кумармен белдескен болатын.

Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы бастады. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ.

Белдесу кезінде Санаев аяғынан кішігірім жарақат алып, кейін үнділік балуан әдіске көшті. Нәтижесінде, Рави Кумар Нұрисламды таза жеңіп, финалға шықты.

Енді Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола медалі үшін күреседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды