Токио-2020: Еркін күрестен Данияр Қайсанов ширек финалға шықты

olympic.kz
Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов енді египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.

Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Olympic.kz мәліметі бойынша, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды.

Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.

Күні кеше тағы бір қазақстандық балуан Нұрислам Санаев жартылай финалға шығып, үндістандық Рави Кумардан жеңілді, енді ол "қола" үшін болгар балуаны Георгий Вангеловпен белдеседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз