Нұр-Сұлтанда тағы бір көше ішінара жабылады

Нұр-Сұлтан әкімдігі
Тайбеков көшесіндегі жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Тайбеков көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Тайбеков көшесіндегі жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Осыған байланысты биыл 4-9 тамыз аралығында Сарайшық көшесінен Атасу көшесіне дейінгі учаске автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, - делінген басқарма хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды