Тоқаевтың Орталық Азия елдері басшыларымен кездесуінің суреттері жарияланды

facebook.com/Берік Уәли
"Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі", делінген суреттер топтамасы астындағы жазбада.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшыларымен кездесуі кезіндегі суреттері жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл суреттерді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.

"Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми кездесуі", делінген суреттер топтамасы астындағы жазбада.

Атап айтқанда, суреттер топтамасынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты да көруге болады.

Айта кетсек, 6 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді. Қазақстан Президенті мұнда Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер жоспарланып отыр.

Одан бөлек саммитке қатысушылар ұлттық тауарлар көрмесін және Орталық Азия өнер шеберлерінің концертін тамашалайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды