Қазақстанға оралғысы келетін Моңғолия мен Қазақстан азаматтарына арнайы рейстер ұйымдастырылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігі мен "HunnuAir" авиакомпаниясы 14 тамызда Ұлан-Батыр - Нұр -Сұлтан - Ұлан-Батыр және 2021 жылы 19 тамызда Ұлан-Батыр - Нұр -Сұлтан - Ұлан-Батыр бағытында арнайы рейстер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Жоғарыда аталған арнайы рейстер елге оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай -ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын.
Сонымен қатар, құзырлы ведомства Қазақстанға көші-қон заңнамасын бұза отырып келген Моңғолия азаматтарының репартациялық рейстермен өз отанына оралуға болатынын түсіндірді.
Бұл үшін олар Алматы қаласы ПД Көші -қон қызметі басқармасына мына мекен -жай бойынша хабарласуы қажет: Қарасай батыр, 109а, делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.