Алматыда сотталған балалар "Абай күнін" атап өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД
Жазалы балалар арасында ZOOM жүйесі арқылы "Бес нәрсеге асық бол" атты конференция ұйымдастырылды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленіп, еліміз бойынша қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың мұрасы кеңінен насихатталған болатын, дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД.

Биыл қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл толды. Еліміз бойынша екінші жыл қатарынан атап өтілген мереке күні Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 түзеу мекемесінде де ақын Абайға арналған онлайн іс-шара өткізілді.

Алматы қалалық Жас Отан жастар қанатының үйлестірушілері жазалы балалар арасында ZOOM жүйесі арқылы "Бес нәрсеге асық бол" атты конференция ұйымдастырды. Онлайн басқосу кезінде үйлестіруші Бейбарыс Зарипов балалар колониясындағы жасөспірімдерді Абайдың өмірбаянымен таныстырып, оның ғибратты сөздерінің мән-мағынасын ашатын әңгіме өткізді. Сондай-ақ ол жазалы балаларды Абай өмірінен түрлі деректерге қанықтырып, сұрақ-жауап тәсілімен балалардың Абай туралы дүниетанымдарын арттырды.

Өз кезегінде ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүрген жасөспірімдер Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды. "Абай күні" атты мерекеде жас әнші Тұрар Дүйсекеш Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер орындап, кешке қатысушылардың көңілінен шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс