Сауда министрі көкөністердің қашан арзандай бастайтынын айтты

Бағаның ең жоғары өсімі мына өңірлерде тіркелді: Түркістан облысында - 12%-ға, Нұр -Сұлтанда - 11,6%-ға, Қарағанды ​​облысында - 11,4%-ға. Соған қарамастан, министрдің айтуынша, қазір баға тұрақталып, төмендей бастады.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда көкөністер бағасы қашан төмендейтінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы 10,3%-ға өскенін атап өтті. Ең үлкен өсім көкөністерге, импортқа тәуелді өнімдер мен экспорттық сұранысы жоғары тауарларға қатысты байқалды.

Бағаның ең жоғары өсімі мына өңірлерде тіркелді: Түркістан облысында - 12%-ға, Нұр -Сұлтанда - 11,6%-ға, Қарағанды ​​облысында - 11,4%-ға. Соған қарамастан, министрдің айтуынша, қазір баға тұрақталып, төмендей бастады.

Картоп бағасының маусымдық өсімі сәуір мен маусым аралығында тіркелді. Одан әрі оңтүстік өңірлерде ерте пісетін картоптың өнімділігі артқанда өнім бағасы төмендеді. Максималды шектен баға 26% -ға немесе 54 теңгеге төмендеді. Тамыз және қыркүйек айларында солтүстік аймақтарда жаппай жиын-терім жүргізіледі деп күтілуде, бұл ішкі нарықты картоппен толықтай қамсыздандырып, бағаның одан әрі төмендеуіне ықпал етеді, деп мәлімдеді Сауда министрі үкімет отырысында.

Сәбіздің теріп алатын кезеңі тақап қалды, бұл ретте 557 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл бағаны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Пияз бен қырыққабат бағасы әлі де өсуде. Жыл басынан бері пияз 29% немесе 23 теңгеге қымбаттады. Қырыққабат бағасы 22 пайызға өсті. Сәйкесінше, бағаның төмендеуі тек тамыздың аяғында күтіледі, - деп қорытындылады сөзін Сұлтанов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: