Атыраулықтар вирусқа қарсы дәрі - "Ремдесивирді" таппай жүр

zakon.kz
Провизорлардың айтуынша, бағасының қымбаттығына қарамастан ол бірден өтіп кетеді екен: көк тамырға салынатын бір құтысының бағасы 24-36 мың теңге аралығында. Емдеу курсы үшін 10 данаға дейін сатып алынады.

Атырауда вирусқа қарсы "Ремдесивир" препаратының жетіспеушілігі байқалады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, провизорлар қазір жұқпалы аурулар стационарларында жатқан көптеген науқастардың туыстары осы препаратты іздеп, сатып алып жатқанын айтқан.

Провизорлардың айтуынша, бағасының өте жоғары екеніне қарамастан бірден өтіп кетеді екен: көк тамырға салынатын бір құтысының бағасы 24-36 мың теңге аралығында. Емдеу курсы үшін 10 данаға дейін сатып алынады.

Атыраудың медицина ұйымдары "СК-Фармация" ЖШС порталына "Ремдесивир" препаратының 1713 құтысын сатып алуға өтінім берді. Кестеге сәйкес, жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Медицина ұйымдарының бір дистрибьютор сатып алатын дәрі-дәрмектер тізіміне енген дәрі-дәрмекті басқа көздерден сатып алуға құқығы жоқ екенін атап өтеміз, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы қаулы шықты

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды