Алматыда жерді рұқсатсыз басып алған 64 адамға айыппұл салынды 

64 тұлғаға 8,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматыда жер телімдерін заңсыз пайдаланатындарды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Басқарма өкілі жер телімдерін рұқсатсыз басып алу, жалға алу мерзімі өтіп кеткен учаскелерді пайдалану және жер учаскелерін мақсатсыз қолдану сияқты негізгі заң бұзушылықтар бар екенін атап өтті.

Жыл басынан бері ескерту жасалса да жер телімін рұқсатсыз басып алған 64 тұлғаға 8,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, жалға беру мерзімі өткен 1 114 жер анықталды, оның 104-і мемлекетке қайтарылды, жалға беру мерзімі 473-іне ұзартылды, 53-і не шаралар қолданылды, 61 жер учаскелері сатып алу жолымен жеке меншікке берілді, 423 жер учаскелері бойынша жұмыстар жүруде, - деді О.Төлебаев.

Олжас Төлебаев жалға беру мерзімі өткен учаскелерді жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру арқылы ұзартуға болатынын айтты.

Сот ісін жүргізусіз, көшелер мен аулалардың бойындағы мемлекеттік қордың жерлеріне, оның ішінде гараждар, қоршаулар, қойма түріндегі қосалқы құрылыстарға рұқсатсыз орнатылған 300-ге жуық заңсыз объектілер анықталып, бұзылғандығы хабарланды.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мақсатты пайдаланылмай жатқан 3760,9 гектар болатын 2840 жер учаскесін анықтады, оның ішінде 755 гектардың 595 гектары игерілген, 147-і пайдаланбағаны үшін қайтарып алынды. ретінде алынды. Ауылшаруашылығына арналған жалпы алаңы 837 гектар жердің 312 учаскесі игерілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: