Балалары мектепке бару үшін ата-аналар екпе төлқұжатын ұсынуы керек пе

zakon.kz
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар мен студенттер арасында инфекцияның алдын алу үшін вакцин жүргізу маңызды екенін айтқан еді.

Балалары мектепке бару үшін ата-аналар екпе төлқұжатын ұсынуы керек пе? Бұл сұраққа Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Барлық мұғалімдер вакцина алды, сондықтан балалардың денсаулығына алаңдаушылық білдіре отырып, біз ата-аналарға да екпе алуды ұсынамыз. Ата-анасы екпе алмаған балалар мектепке бармауы керек деген талап жоқ, әрине. Біз мұндай талапты алға тартып жатқанымыз жоқ, - деді ол ӨКҚ-да өткен брифингіде.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар мен студенттер арасында инфекцияның алдын алу үшін вакцин жүргізу маңызды екенін айтты. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін екпе алуы керек, - деді әкім.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді