Ресей коронавирусқа қарсы тағы төрт жаңа вакцина әзірлеп жатыр

zakon.kz
Менің ойымша, олар "дельта", "дельта плюс" штаммдарына қарсы қолданыс үшін айналымға шығарылады - иммунолог.

Ресейлік иммунолог, "КЭГ" келісімшарттық зерттеу компаниясының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакциналардың жасалып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Маманның айтуынша, келесі жылдың көктеміне дейін төрт жаңа вакцина тіркелуі тиіс.

Менің ойымша, олар "дельта", "дельта плюс" штаммдарына қарсы қолданыс үшін айналымға шығарылады, - дейді иммунолог Ura.ru басылымына.

Оның айтуынша, тура осылардың ауруға қарсы күші мықты.

Крючков коронавирустың "дельта" нұсқасы өз ішінде мутациялана беретінін болжады.

Бәрібір вирустың басты белгілерін ескеріле отырып, вакцина жасала беретін болады, - деп сөзін қорытындылады дәрігер.

Бұған дейін Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко Sputnik V ресейлік вакцинасының коронавирустың дельта штаммына қарсы тиімділігі шамамен 83 пайызды құрайтынын айтқан болатын. Сонымен қатар ол вакцина 95 пайыздан астам жағдайда COVID-19-дың ауыр жағдайынан қорғайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек