Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі барлық қазақстандықтардың Ауғанстан аумағынан оралып үлгергенін мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазір Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Барлығы ол елдің аумағынан кетті, енді біз білетіндеріміздің барлығы. Дипломаттар өз қызметінде әрі өз жұмыстарымен шұғылданып жатыр, біз оларды эвакуациялау туралы жоспарлаған жоқпыз, - дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдерінен басқа Қазақстанның барлық азаматтары Ауғанстаннан шығып үлгергенін жеткізді.
Онда елші бастаған бір топ дипломат қалды. Олар өз қызметінде, әдеттегідей өз жұмыстарын жалғастыра береді, - деп атап өтті ҚР СІМ.
Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты кешелі бері екінші рет жиын өткізді.
15 тамызда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани отставкаға шығып, елден кетті. Осыдан кейін тәліптер Кабулға кіріп, президенттік сарайды басып алды және енді мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарылатынын жарияламақшы. Ауған босқындары қашып, әуежайдағы ұшақтарға шабуылдады. Кейбірі ұшқан ұшақ доңғалағына жабысты. Оқ атылды, зардап шеккендер бар. АҚШ өз әскери базасында кем дегенде 30 мың ауған босқынын орналастыруды жоспарлап отыр. Өзбекстан қашып, шекараны бұзып өткен ауғанның біраз әскериін қабылдады.