ШҚО-да 77 жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

ШҚО ПД баспасөз қызметі
20-дан астам әкімшілік айыппұлы бар жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын облыс орталығының тұрғыны анықталды.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 18-шы 20-ші тамызы аралығында, әкімшілік айыппұлдарды уақытында орындау мақсатында, прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде төленбеген айыппұлдары бар жол қозғалысы ережелерін бұзушылар анықталуда.

- Іс-шараның бірінші күні 6 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 77 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Мысалы, 20-дан астам әкімшілік айыппұлы бар жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын облыс орталығының тұрғыны анықталды. Бұл жүргізуші үнемі Жол жүру қағидаларын бұзып, құқықбұзушылықтар жасаған. Аталған жүргізушінің автокөлігі айыппұлдарын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды,- деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін