Алматының Абай даңғылында көлік қозғалысы уақытша жабылады

kolesa.kz
Момышұлы көшесінен Саинға дейін аралықта қозғалыс шектеледі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы хабарлағандай, 27 тамыз 22:00-ден 28 тамыз 22:00-ге дейін Абай даңғылының Саиннан Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Көлік екі бағытта да (шығыс және батыс) жүрмейді, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Абай мен Момышұлы қиылысындағы "Достық" метро бекетінде жүргізіліп жатқан құрлыс жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеліп отыр.

Жауапты қызметкерлердің айтуынша, Саин және Момышұлы көшесінің бойымен көліктер еш кедергісіз жүре алады. Сондай-ақ Абай даңғылының бойында орналасқан үйлердің ауласына кіретін және шығатын жерлер ашық болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы