Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдау басталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Құжаттарды қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне 50 резервші іріктелетін болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде басталған болатын. Құжаттарды қабылдаудың екі күні ішінде іріктеуге қатысуға 1251 өтінім келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 30 қыкүйекке дейін жалғасады.

Президенттің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жыл.

Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Біздің елімізді одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды Президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз, дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Таткен
.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды