Jusan Bank АТФБанкті қосып алуды аяқтады

Сурет: zakon.kz
АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы.

Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы түрінде АТФБанкті қайта ұйымдастыру шеңберінде тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде ресімделуі болды, деп хабарлайды zakon.kz Jusan Bank баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды.

Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды. Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Екі банктің командалары АТФБанк клиенттерінің Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауысуы барынша жайлы болу үшін бар күшін салды, - дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Осылайша, Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды.

АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы.

Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады