Қазақстан Түркияға қатынайтын әуе рейстер санын арттырады

zakon.kz/ Павел Михеев
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Қазақстан Түркиямен арадағы әуе рейстер санын арттырады, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысына Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстерді ұлғайту мәселесі шығарылды. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйек айының ортасынан бастап Air Astana және Turkish Airlines әуе компаниялары (Air Astana - 17 қыркүйектен, Turkish Airlines - 25 қыркүйектен) Алматы – Ыстамбұл бағытындағы рейстер санын екіден үш рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр, делінген Қазақстан азаматтық авиация комиетінің ресми хабарламасында.

Сондай-ақ, 22 қыркүйектен бастап SCAT әуе компаниясы Ақтөбе - Ыстамбұл бағытында аптасына екі рейс шығара бастайды.

Түркиямен арадағы рейстер санын әрі қарай арттыру эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Түркияның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды