Күнбағыс майы бір жылда бірден 67%-ға қымбаттады

Pixabay
Жергілікті компаниялар күнбағыс майына деген сұранысты былтыр 75,2%-ға ұлғайтса, биыл 81,9%-ға жеткізген.

Күнбағыс бағасы бір жылда Батыс Қазақстан облысында бірден 84,7%-ға, Ақмола облысында 80,9%-ға, Қызылорда облысында 78,8%-ға өсті. Нұр-Сұлтанда май құнының 52,2%-ға көтерілгені тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар-шілде аралығында елімізде тазартылған және тазартылмаған 278,5 мың тонна өсімдік майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,8% артық.

Өңірлердегі ең үлкен өндіріс көлемі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. ШҚО-да жылына 126,5 мың тонна +16,5% өндірілді. Үздік үштікке Шымкент (50,7 мың тонна, +76,9%) пен Алматы (26,7 мың тонна, -32,5%) кірді.

Сарапшылардың айтуынша, барлық өндірістің үштен бір бөлігі тазартылмаған күнбағыс майына тиесілі: 107,5 мың тонна. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,5% артық.

Ел бойынша тазартылған күнбағыс майын өндіру 38,6%-ға, 88,1 мың тоннаға дейін ұлғайған.

Зерттеулерге сенсек, рапс 64,3%-ға (15,8 мың тоннаға дейін), зығыр 18,6%-ға, (12,4 мың тоннаға дейін), мақта 26,7%-ға, (7,8 мың тоннаға дейін) майларының өндірісі төмендеген.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты былтырғы көрсеткішке (75,6% -ға) қарағанда 80,5% -ға қамтамасыз етті.

Алты ай ішінде елдегі өндіріс 241,1 мың тоннаға дейін, 3,9%-ға өсті, ал импорт бірден 21,8%-ға, 58,5 мың тоннаға төмендеген, деп қорытындылады сарапшылар.

Жергілікті компаниялар күнбағыс майына деген сұранысты былтыр 75,2%-ға ұлғайтса, биыл 81,9%-ға жеткізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды