Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлікті көрсете салуға болады

primeminister.kz
Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді.

Шымкент қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында авторландырылған пайдаланушы "Цифрлық құжаттар" бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, отандық әуе компаниялары мен әуежайларының және "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-ның жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды.

Цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары арасында қолжетімді. Осы әуежайлар қызметін пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың пилоттық жоба кезінде жеке куәлігінің түпнұсқасын да өзімен бірге алып жүргені жөн болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді