Мамин жаңа министрді таныстырды

ПМ
Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алдына жаңа маңызды міндеттер қойылғанын атап өтті.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымына жаңа басшы Серікқали Брекешевті таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алдына жаңа Экологиялық кодексті тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын дайындау, орман қорын ұлғайту, су ресурстары мен балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әрі дамыту бойынша маңызды міндеттер қойылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Ұлттық геологиялық қызметті құруды тапсырды. Геологиялық барлауды дамытуға және жер қойнауын кешенді зерттеуге, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық базасын құруға ерекше назар аудару қажет, — деді Мамин.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша бітірген. Түрлі жылдары энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде, "ҚазТрансГаз" АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2020 жылдың наурыз айынан бастап ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды