Азия біріншілігі бастала салысымен қазақстандық волейболшылар жеңіліс тапты

olympic.kz
Қытайдан жеңілген қазақстандық құрама келесі ойында Оңтүстік Кореяға қарсы тұра ала ма, оны уақыт көрсетеді.

12 қыркүйекте Жапонияның Тиба қаласында ерлер арасындағы волейболдан Азия біріншілігі басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Қытай Тайпейі командасымен кездесті.

Қазақстан спортшылары қытайлықтарға қарсы тұра алмай, үш ойында да 20:25, 22:25, 19:25 есептерімен жеңіліс тапты.

Қазақстандық құрама келесі ойында Оңтүстік Кореяға қарсы тұра ала ма, оны уақыт көрсетеді. 2021 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпаздары қатарындағы кәрістерге тойтарыс беру қиынға соғуы мүмкін. Кездесу 13 қыркүйекте, Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да басталады.

Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды