Шолпан Каринова ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Білім мен білігі:
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады.
1998-1999 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
2000-2002 жылдары — директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.
2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м. а.
2004-2005 жылдары — СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.
2005-2008 жылдары — СҚО Тайынша ауданының Білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2008-2009 жылдары — СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
2009-2012 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы.
2012-2013 жылдары — Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.
2013-2017 жылдары — СҚО Білім басқармасы басшысының м. а., басшысы, Петропавл қаласы.
2017-2018 жылдары — ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары — Астана қаласындағы "Назарбаев зияткерлік мектептері" Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.