Қазақ футболы ФИФА рейтингінде 4 сатыға көтерілді

kff.kz
Рейтингтің көш басында Бельгия тұр.

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-ші орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151 ұпай бар, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстан Футбол Федерациясына сілтеме жасап.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеуінде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфиновтің тәлімгерлері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілсе, кейін тағы сырт алаңда Босния және Герцоговина құрамасымен 2:2 есебімен тең тарқасты.

Рейтингтің көш басында Бельгия (1832 ұпай) түр. Екінші орында Бразилия (1811) болса үздік үштіктің қатарына Англия (1755) құрамасы көтерілді.

ФИФА рейтингі (16.09.2021):

1. Бельгия – 1832 ұпай

2. Бразилия – 1811

3. Англия – 1735

4. Франция – 1754

5. Италия – 1735

6. Аргентина – 1725

7. Португалия – 1674

8. Испания – 1673

9. Мексика – 1666

10. Дания – 1658
…

27. Украина – 1520

55. Финляндия – 1407

57. Босния және Герцеговина – 1405

119. Нигер – 1156

120. Казақстан – 1151

121. Жаңа Зеландия – 11491.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда