Алматыда шенеунік 3,7 млн теңге парамен ұсталды

zakon.kz
Воропаев екі айға қамауға алынды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаладағы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевты ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

10 қыркүйекте Желіде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты енді растады.

Ведомствоның мәліметінше, шенеунік 7 қыркүйекте ұсталған. Ол "Саңыраулардың қазақ қоғамы" директоры Л.Дауылбаевадан мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жалған жұмыстарға қол қойғаны үшін 3,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Воропаев екі айға қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды