ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ілияс Оспанов 1986 жылы Нұр-Сұлтан қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон Империялық колледжін (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастады.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014-2016 жж. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды.
2016-2017 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.
2017-2018 жж. — "Евразия" корпорациясы" ЖШС холдинг компаниясының даму және инновациялар мәселелері жөніндегі вице-президенті.
2018-2020 жж. – ҚР және Дүниежүзілік Банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын Басқару тобы директорының орынбасары.
2020 жылғы ақпан айынан 2021 жылғы сәуір айының аралығында - "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті. 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.