Ералы Тоғжанов Pfizer вакцинасының елімізде болатын уақытын атады

zakon.kz
Тоғжанов қазіргі уақытта қазақстандықтар үшін коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина бар екенін айтты: Sputnik V, Sinopharm, QazVac.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметте өткен брифингте коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының Қазақстанға жеткізілетін уақытын атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тоғжанов қазіргі уақытта қазақстандықтар үшін коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина бар екенін айтты: Sputnik V, Sinopharm, QazVac.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы осы жылдың IV тоқсанында жеткізіледі деп күтілуде, - деді ол.

Сондай-ақ, ол ел билігі шетелдік вакциналардың тиімділігіне пара-пар келетін отандық вакцинаны қолдайтынын айтты.

Өткен айда QazVac вакциналары 650 мың доза көлемінде шығарылды, ал осы айда 750 мың доза жеткізіледі деп күтіліп отыр, - деп сөзін түйіндеді Тоғжанов.

Айта кетсек, 10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметке Pfizer вакцинасын қазақстандық нарыққа тасымалы бойынша істі атқара алмай жатқандарға қарсы шара қолдануды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды