Жеңіс Өсербай ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

ПМ
Ол бұған дейін "К-Агро" ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі болды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жеңіс Әлібекұлы Өсербай Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы сайтының хабарлауынша, Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, РФ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы жеке компанияда экономист ретінде бастаған.

2001-2002 жылдары — жеке ұйымның қаржы талдаушысы.

2004-2006 жылдары — "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Жобаларды кредиттеу департаментінің бас менеджері.

2006-2019 жылдары жеке компанияларда басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін "К-Агро" ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз