Үкімет елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарастырды

Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы жылдың 20 қазанына дейін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасының келісілген жобасын дайындауды және қарауға енгізуді тапсырды.

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады, делінген primeminister.kz сайтында.

2021 жылдың 8 айында Қазақстанда 7 515 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға аз. 251 адам қаза тапты (+20,6%), 217 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды (+18,5%). Өрттен келген материалдық шығын 6,5 млрд теңгені құрады (+90,6%). Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында (58%) және көлікте (18,5%) болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленуде. Құжатта өрт сөндіру бекеттерін техникамен заманауи жарақтандыру, ерікті өртке қарсы құралымдарды дамыту, ерікті өрт сөндірушілердің әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктерін жақсарту, адамдар көп болатын пайдалануға берілетін объектілерге, тұрғын және биік ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейту мәселелері көзделетін болады.

Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы жылдың 20 қазанына дейін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасының келісілген жобасын дайындауды және қарауға енгізуді тапсырды.

ТЖМ-ге әкімдіктермен бірлесіп жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен алдын алу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, газ жабдықтары мен тұрмыстық баллондардың қауіпсіз пайдаланылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: