Шымкентте 6 ауызсу бұрқағы іске қосылды

zakon.kz
Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған. Алдағы уақытта қалада тағы 4 ауызсу бұрқағын іске қосу жоспарланып отыр.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылды. Биыл 10 орынға ауызсу бұрқағын орнату жоспарланған.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары – Арбат демалыс саябағында, Гүлжан аялдамасындағы "Қызғалдақтың" жанында, Орталық саябақта, Қонаев пен Иляев көшелерінің қиылысында, "Моцарелла" мейрамханасының алдында және Гипер хаус сауда үйінің тұсында ауызсудан ішіп, шөлін қандыра алады.

Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылды. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған. Алдағы уақытта қалада тағы 4 ауызсу бұрқағын іске қосу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін