Тоқаев вакцина өндірісімен танысады

Facebook
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр. Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды, делінген ресми хабарламада.

Мұның алдында 4 қазанда Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды