Қазақстанда телерадио арналар уақытша сөндіріледі

pexels.com
20 қазанда сағат 03: 00 мен 17: 00 аралығында жоспарға сай телерадио тораптары желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанда радио мен теледидар бір күнге сөндіріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

20 қазанда сағат 03: 00-ден 17: 00 -ге дейін жоспарға сай телерадио тораптары желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша телерадио арналардың жұмысы уақытша тоқтатылады, - делінген "Қазтелерадио" АҚ хабарламасында.

Тоқсан сайын жоспарда белгіленген профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бұл бағыттағы қызметті ұзағырақ тыю талап етіледі, ол өз кезегінде жоғары сапалы теледидар мен радиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет екені атап өтіледі.

Қазіргі уақытта техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде, - делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты