Қазақстанда жалға заңсыз берілген пәтерлер анықталды

zakon.kz
"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз "Учаске" шарасы кезінде полицейлер 29 мыңнан астам жалдамалы пәтерге тексеріс жүргізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерттеуге және одан әрі шешуге бағытталған "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, дейді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен танысу, атыс қаруының иелерін және тіркелген шетелдік азаматтарды тексеру үшін аулалар мен үйлерді аралап жүр.

Қыркүйек айында учаскелік офицерлер 1,7 млн-ға жуық пәтер мен жеке үйлер, 130 мыңнан астам саяжайлар мен 33 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен қыстақтарды тексерді. 29 мыңнан астам жалдамалы пәтер тексерілді, онда үйді мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз жалға берудің 5 мыңға жуық фактісі анықталды, деді ІІМ ресми өкілі.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, 92 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың 1,2 мыңға жуығы қаруды сақтау ережелерін бұзғаны анықталды.

Шара басталғалы полиция қызметкерлері 200 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеп, оның ішінде ұсақ бұзақылықтың 3,5 мың фактісі, 4,3 мың үй тұрмысында құқық бұзушылығы, 30 мыңнан астамы - көші -қон заңнамасын бұзған, деп қорытындылады Ораз.

Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек