"Богатырь Көмір" ЖШС-не 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Павел Михеев / zakon.kz
4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Богатырь Көмір" ЖШС-ның тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау нәтижелері бойынша, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті субъектінің бекітілген тарифтік смета шығындарының баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 669,2 мың теңге мөлшерінде бес пайыздан астам орындамауына жол бергенін анықтады.

Осылайша, Департамент 2021 жылғы 1 қазанда ""Богатырь Көмір" ЖШС-ның қозғалмалы құрамның өтіп кетуіне кірме жолдарды ұсыну қызметіне уақытша өтемдік тарифтер бекіту туралы" бұйрық шығарды, оған сәйкес тарифтер:

Жол берілген бұзушылық үшін, "Богатырь Көмір" ЖШС-ы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 667 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты