"Сайлау" туралы заңға қандай өзгерістер енгізілмек

Заң жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Үкімет "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, түзетулер мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуы жағдайын қарастырады.

Конституциялық заң жобасы мен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудағы мақсат - әйелдер, жастар мен мүгедектердің өкілетті билік тармақтарында пікірлерінің ескерілуін, қарастырылуын қамтамасыз ету, оларды мемлекет өміріне белсенді жұмысқа тарту, делінген түсініктеме жазбада
.

Сонымен депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың саны партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

Партиялық тізімде әйелдер, жиырма тоғыз жасқа толмаған және мүгедектігі бар адамдар саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

Ал мүгедектігі бар адамдар-кандидаттар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады

Бұл тәсіл қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға бағытталған және қазіргі қажеттіліктерді қанағаттандыру қажет.

Заң жобасы 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: