Тоқаев қос заңға қол қойды

zakon.kz
Екі заң Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін реттеуге бағытталған.

Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

ТМД-ның алты мемлекеті қол қойған келісім қарулы күштер үшін бірлескен байланыс жүйесін құруды көздейді. Келісімнің негізгі міндеттері: байланыс қызметтерін көрсету және қарулы күштердің басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында ақпараттың барлық түрлерімен алмасуды қамтамасыз ету; ТМД форматында құрылған әскери формадағы өзара әрекеттестіктің біртұтас жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Мемлекеттердің гуманитарлық минасыздандыру саласы бойынша өзара іс-қимылы әскери ынтымақтастықтың маңызды тетігі болып саналады. Бұл құжат мина алаңдарын техникалық барлаумен және оларды минадан тазартумен айналысатын Бірлескен бөлімше қызметін қалыптастыру, қолдану және аяқтау тәртібін анықтайды. Осы ретте Келісімге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатына сәйкес, біздің еліміз ТМД-ға мүше емес үшінші мемлекеттің аумағына ұлттық инженерлік бөлімшені жіберу туралы мәселені қарайтын ескертпемен қол қойылғанын атап өткен жөн.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев