Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады

Биыл тамыз айында олар осы идеямен Үкіметке жүгінген.

Ұлттық экономика министрлігі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуге кірісті, оны бекіткеннен кейін мерекелік күндер күнтізбесінде жаңа мереке – 9 қыркүйек – "Қазақстан кәсіпкерлері күні" пайда болады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мереке жетістікке жеткен, халық үшін жұмыс орындарын құрғандарға деген ризашылық пен құрмет көрсетуді мақсат тұтады. 9 қыркүйек – кәсіпкерлер күні өз бизнесін ашқан, бизнес жүргізудің қайырымдылық, әлеуметтік және этикалық тәжірибесін ілгерілететін, инновация, көшбасшылық мәселелеріне, сондай-ақ кәсіпкерліктің өзекті проблемаларына назар аударатын адамдардың еңбегін көрсетеді, - деп атап өтті ҰКП-да.

Осылай деп "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ресми кәсіби мереке енгізу бастамасын көтерді. Биыл тамыз айында олар осы идеямен Үкіметке жүгінген.

Қазақстан кәсіпкерлерінің күні – жүздеген мың қазақстандықтар үшін маңызды күн, - деп хабарлады ҰКП. - Ол біріктіруші фактор болады. Соңғы 2 жыл кәсіпкерлер үшін қатты қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайланлануға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Бүгінде бизнесмендер – батырлар, олар еткен еңбектері үшін құрметке лайық.

Бақытжан Отарбаева

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: