Тоқаев: Біз қазіргінің батырын іздеуіміз керек

zakon.kz
Мұндай жобалар туралы ұсынысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында қазақстандық заманауи батырларды дәріптейтін "Батырлар біздің арамызда" жобасын қолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыс барысында "Balapan" телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Кенжебаева патриотизмге тәрбиелеу үшін визуалды ұлттық символика, ұлттық кейіпкерлер қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта еліміз бойынша көше билбордтарында қазіргі қазақстандық батырларды "Біздің батырлар" ("Герои среди нас") жобасы іске асырылуда. Мұндай жобалар көп болуы керек деп ойлаймын. Өйткені балалар көргендерін өзіне сіңіреді", - деді Кенжебаева.

Оның айтуынша, мейірімділік пен патриотизмге жетелейтін кейіпкерлер балабақшалар мен мектептердің оқулықтарында, дәптерлерінде, күнделіктерінде болуы керек.

Мұндай жобалар туралы ұсынысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады.

Менің ойымша, бұл жақсы ұсыныс. Шынында да, тарихты зерттей отырып, балаларымызды өткен мифтермен, ұлттық кейіпкерлермен таныстыра отырып, біз қазіргі уақыттың кейіпкерлерін іздеуіміз керек. Бұл өте маңызды. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Бейінді министрлік бұл мәселені шешумен айналысады деп ойлаймын. Бағдарламалар мемлекеттік және орыс тілдерінде өте серпінді, қызықты, тартымды болуы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды