Енді оңамыз! "Ел Рухы" деген жаңа ұлттық жоба ойлап табылды

видеодан кадр
"Қазақанимация" базасында 40-қа жуық анимациялық фильм пайда болады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Ел Рухы" жаңа ұлттық жобасы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, ұлттық жоба отандық мәдени өнімді шет елдерге шығаруға мүмкіндік береді.

Мәселен, енді ауыл мен шалғай елдімекендер халқының 92,5%-ы мәдениетпен қамтылады. Ал министрлік бұл қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін 75%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін 250 жаңа нысан салынып, жұмыс істеп тұрған 1 200 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өтеді.

Елдің шығармашылық әлеуетін тікелей қолдау арқылы отандық мәдени өнімді көбейту, оның ішінде кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін 25%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігінің базасында 40-қа жуық анимациялық фильм пайда болады, ол да жаңадан құрылатын болады, - деп хабарлады Аида Балаева ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, жер шарының кез келген нүктесінен жеке электронды платформада Қазақстанның музейлеріне, театрларына, кітапханаларына және басқа да мәдени көрікті жерлеріне үйден шықпай-ақ "баруға" болады.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз