Павлодарда жұмысшысын атып өлтірген кәсіпкер сотталды

видеодан алынды
Адам шошырлық бейнеролик сот отырысында негізгі айғақ ретінде қаралды.

Павлодарда жалақысын сұрап келген жұмысшыны атып өлтірген кәсіпкерге үкім шықты. Енді ол 18 жыл өмірін түрмеде өткізеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Адам шошырлық бейнеролик сот отырысында негізгі айғақ ретінде қаралды. Оқиға облыс орталығының шетіндегі өндірістік аймақта болыпты. Сол күні 27 жастағы Андрей Шиллер айлығынан қалған 20 мың теңгесін даулап келеді. Аздап ащы су ұрттап алған ол бастығын балағаттап, сол жерден шықпай қойыпты. Ал кәсіпкер ғимаратты жалға беріп отырған 55 жастағы бизнесменді көмекке шақырған. Ашуға булыққан азамат жігітті алғашқыда соққыға жығып, артынан мылтықпен атып тастаған", - дейді КТК телеарнасының тілшісі.

Ағеділ Ибраева, Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы:

Заң бойынша мұндай қылмысқа 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкін тәркілеп, өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алқа билердің бірауыздан келісімімен, "Б" деген азаматты бұзалық әрекетпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды